Өлең, жыр, ақындар

" Жақұтым-ұлым"

" Жақұтым-ұлым"
Мендегі байлық, жақұтым -ұлым,
Мендегі арман- бақыты оның.
Балалық балғын шақтарын сенің
Ертегі елі болсыншы ұлым.

Қорғаным болар ерке ұлым менің,
Мәнісін артқан өмірім едің.
Азаймау үшін сендегі бақыт
Күзетер едім күлкіңді сенің.

Тіліңнен шыққан әрбір сөзіңді,
Былдырлап жүрген әрбір кезіңді.
Бақытқа, ұлым, теңейді анаң
Алланың берген сыйы-өзіңді.

Тыңшымай менде жүрек лүпілі,
Өзінсің ұлым- үміт үкілі.
Бақытты болсаң қатардан қалмай
Өмірдің берер асқақ үкімі.

Өмірдің нәрі өзіңсің ұлым,
Ер мінезді болғайсың құлын.
Атаң мен әжеңе қамқор боларсың
Үмітін ақта олардың ұлым.

Біздегі арман сенің қолында,
Жан қияр едім сенің жолында.
Көзімнің нұры балапаным-ау
Анашың сенің берер барын да.

Тіл, көзден сақта баламды Алла,
Жетелей білер арман бар алда.
Қиығын салып жүрерсің өзің
Өзіңе ғана тапсырдым Алла.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тастанды бала.

  • 0
  • 1

Қалайша қиып тастап кеттің ана?
Қай жерден тыныштық пен таптын пана?
9 ай, 9 күнде жаныңда бо(лы)п
Білген-ем жатырында сені ғана

Толық

Сүйем дедіңіз...

  • 1
  • 0

Сүйем дедіңіз... Дәл қазір онда
қайдасыз?
Асырып түсті ме, басқа бір адам
айласын ?

Толық

Қыз дегенің

  • 0
  • 0

Қыз дегенің сенің анаң кешегі
Олар адал, олар батыл деседі
Сен де болсаң сол анадан туғансын
Қайығында ескегімен еседі

Толық

Басқа да жазбалар