«7» САНЫ

Бұл бетте ««7» САНЫ» атты Құмарбек Қалиев жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

«7» САНЫ

Бұл ғаламды тәңірі
Жеті күнде жинапты
Пендеге Жерді мекен ғып
Жеті бөліп сыйлапты

Таусылмайтын қазына
Жетіқабат жер асты
Жетіқат көкте жеті түс-
Кемпірқосақ жарасты

Жеті жасқа келгенше
Жерден таяқ кім жемес
Жеті басты аждаһа
Зәрені алар жынды елес

Шайқор,найқор,зинақор..,
Жеті қор- жанның соры да
Наурыздама-жеті дәм
Тат жақсыға жоры да

Үш жетіңіз-жиырма бір,
Қарташының арманы
Жетпіс жеті әкеңе
Йауыз сыйын арнады

Өзіңде жоқ өнерді
Жеті атаңнан тауып көр;
Батыр, бағлан, шешенді
Сол жетеуге таңып бер

Әз Тәуке хан жарғысы
Неге жетеу,ұқтың ба
Жетісуға түстің бе,
Жетіаралдан шықтың ба

Жақсы мен жаманның
Бәрі неге жетіден
Мүмкін шертер жауабын
Жеті шекті жетіген

Әлде, осы жетінің
Шын түбірі жету ме
Жетіле алмай жете алмай
Қанша ғұмыр өтуде

Жеті буын сөз айтып
Жеті жұртты қаратқан
Жөн бе, жо-ж-о-оқ.., дұрысы-
Жеті шелпек таратқан:
Жетілуге,жетуге
Жеткізгей,- деп- Жаратқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«7» САНЫ өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Қалиев — осы өлеңнің авторы.

«7» САНЫ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«7» САНЫ өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

«7» САНЫ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері