Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды –
Темірхан Медетбек
Бұл бетте «Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды
образ, ой боп табысып —
ақтарып бәрiн сөйлеген
өзеннiң, көлдiң, орманның
ақкөңiл, адал дауысы!
Түскенде сол үн өлеңге
қалмасын десең түк ұқпай
артық сөз, артық бояусыз
сөйлеуiң керек тереңнен
өзен боп,
жел боп,
орман боп,—
тұншықпай, бүкпей, тұтықпай!
Кеудеде кетер күй тасып
қайырып дауысын ұзақтан,—
өлеңнiң әрбiр ұйқасы
өлеңнiң жолын ғана емес
өмiрдi жатса құшақтап.
Шығатын оқып құмардан
айтуым үшiн бiр сөздi —
мысқалдап, миллиграмдап
дәлдiктi iздеп өлшеген
аптекарьдiң
безбенiндей теңселем.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі