Сергелдең – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сергелдең» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 846
Дүние сұп-суық
Тоңдым!
Аспандағы Ай
Балқып кетердей етiп
От жақтым!
Бәрiбiр жылынбадым.
Мұңымды айтып –
Жата қап –
Шөптердiң
Құлағына сыбырладым.
Жер-Ана селт етпедi.
(Апыр-ай,
Бұрынғылардың айтып жүргенi
Ертек пе едi?!)
Шың-құздардың
Iшiне кiрiп
Айқай салдым.
«Одан да шықты жаңғырық,
Бұдан да шықты жаңғырық».
Ақырында дауысым
Қаңғып кеттi.
Қара қарға мазақ етiп
Қарқ-қарқ күлiп
Басыма саңғып кеттi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері