Қыз-жігіттер әні – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Қыз-жігіттер әні» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қыздар:
Несіне жігітпін деп, ахау, бұлғақтайсың, ай,
Күйбеңдеп көрген кезде, ай, сәулем, құрбым,
батып тіл қатпайсың?

Жігіттер:
Таудағы сен бір аппақ, ахау, шынармысың, ай,
Менімен айтысуға, ай, сәулем, құрбым,
өзің шыдармысың?

Тағы да жігіттер:
Ей, қыздар-ай, қызғалдақсың-ау
Көктемгі,
Бір жылы сөз айтпадыңдар-ау
Көптен бері.

Қыздар:
Жердегі жан жете алар ма,
Аспандағы аққуға!

Жігіттер:
Ей, қыздар-ай, ұқсайсыңдар-ау арай-нұрға,
Аққу-қаздар қонбай ма екен ақ айдынға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері