Мен қашан – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Мен қашан» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3086
Мен қашан сені ойламай көзімді ілдім,
Сенсең де,
Сенбесең де өзің білгін.
Хабарсыз жүрсең-дағы,
Жаныңды ұғып,
Сыртыңнан ес кердім де,
Төзім қылдым.
Мен қашан сені ойламай көзімді ілдім,
Сен-дағы, бәлкім,
Іштей сезіп жүрдің.
Болар ма әлде өзіңді аңсағаннан,
Кеудемнің ақ айдынын кезіп жүр мұң...
Мен қашан сені ойламай отыра алдым,
Қалдырып қолтаңбасын жатыр әр күн.
Өзінсіз өткерген күн,
Тірлік бекер,
Күліңдей сөніп қалған Отырардың!
Мен қашан сені ойламай күн шығардым,
Сен үшін түзде өскен бір шынармын.
Соқпасаң самал болып қарсы алдымнан,
Қасірет түтініне тұншығармын.
Мен қашан сені ойламай кезімді ілдім,
Сенсең де,
Сенбесең де өзің білгін.
Хабарсыз жүрсең-дағы,
Жаныңды ұғып,
Сыртыңнан ес көрдім де,
Төзім қылдым.
* * *


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері