Өлең, жыр, ақындар

Оқимын

  • 23.03.2018
  • 0
  • 3
  • 26905
(Жеткіншектің жырынан)

Бесікке бөлеп бөбегін,
Шөките қойып шүмегін,
Бауырсақ шайнап жегізген.
Жая десем жал беріп,
Секер десем бал беріп,
Аялап мама емізген
Аяулым Анам аман бол!
Рұқсат қыл оқимын,
Оқығанда кім болам?
Жанарыңа нұр болам.
Ашамайлап тай байлап,
Тай терлетсем «бай - байлап»,
Азырақ ағат іс қылсам
Әуліккен әкем айғайлап,
Қозыдан ұйықтап қалғанда
Ат бауырына алғанда,
Айырған анам «қой-қойлап».
Азапқа мені айдаушы ең,
Ұзақ, күн өзін дойбы ойнап,
Әзірге, әке, аман бол,
«Жол болсын» айт, оқимын
Оқығанда кім болам?
Шаруаң да мен болам.
Желегіменен желпіген,
Жеңешетай - ау, жылама.
Тұлымшағы селтиген
Қарындасым Нұрбала,
Бала да сендей бола ма?
Сағынба, сәулем, келемін,
Айналып сені сүйемін,
Аман бол деші ағаңа.
Женешең, қарғам, қарайды,
Шашынды жуып, тарайды.
Оқимын, кетем қалаға.
Оқығанда кім болам?
Мен сендерге тіл болам.
Ақ меруерттей көгендеп,
Ақбоз аттай жүгендеп
Ойнаған қоңыр қошақай,
Маңқиып қосыл, аман бол!
Шап айылдап шымшылған,
Шымшылған қыздай қымсынған,
Қысырын емген қызыл тай,
Текбішегің терлемес,
Әзірше аман жүре тұр,
Кісінемей кішкентай.
Ұқ сонымды, айттым сол!
Жібек жүнің желпілдеп,
Мөлдір көзің мөлтілдеп,
Қаз - қаз басқан баладай
Келуші едің селкілдеп.
Боздамашы, ботақан!
Ойыма алдым ұзақ жол
Ол бетімде оқимын.
Оқығанда кім болам?
Төрт түлікке төл болам.
Қарта бұйрат, қос қолат,
Құм сағызды құмым - ай!
Тауым, сүттей суың - ай!
Сылдырлай тұр әзірше,
Айналармын әлімше.
Заңы заңбар заманым
Беті - қол саған жуғызбас.
Қояны қойдай Ақөзек,
Қоғалы көлдей Көкөзек
Көбелек сенен қуғызбас.
Қой - серкеш қол хат оқытып.
Қоралы қойды қоқытып,
Желілеп жылқы жиғызбас.
Есім кірді, есейдім,
Ендей алман еліме,
Бекер жүрмін белімде.
Батбағында ойнап күміс қол,
Балшықтан түйе қойғызбас.
Қол - аяғым босанып
Дәуірледі дәуірім.
Белімді буып, бет алмай
Басылмайды ауырым.
Алып ұшады көңілім,
Өзгеленді өмірім.
Жұлып ұшады жүрегім,
Телегейленді тілегім.
Тұнығыңда ойнатып
Түбегім шыбық қиғызбас.
Аман бол, мекен, аттандым,
Аттанғанға шаттандым.
Қабағыма қарамай,
Қалайша қала сиғызбас.
Құтты қоныс, хош, есен,
Ұмтылдым өрге оқимын.
Оқығанда кім болам?
Күркіреп жанар күн болам.
Қараша ауылым шошайған!
Көшесің қашан сол сайдан?
Жалқаулық пенен кедейлік
Көшірер ме екен сол сайтан?!
Бекемге байлап белімді
Айналам оңға осы айдан.
Тарыққан әлем табына
Қолымды қоса шошайтам.
Осы бетпен, ниетпен
Ауылға әзір хош айтам.
Аман бол, ауыл, оқимын.
Оқығанда кім болам?
Ауылыма ай, күн болам!



Пікірлер (3)

Ақниет Алмасқызы!

Өте күшті өлең Ілияс Жансүгіров атамыздың аты тарихта қалсын!

Арайлым

Оте кушты

Бекенқызы Нұрсая

Өте әсерлі өлен өлеңімді дами берсін

Пікір қалдырыңыз

Көңілім, неге алаңсың?

  • 0
  • 0

Көңілім, неге алаңсың?
Айтшы маған кімің жоқ?
Өмір бай ғой, кітап көп,
Тұрақтарсың, табарсың...

Толық

Таныңдар

  • 0
  • 0

Қара, бүгін далаға,
Қара бүгін жер қандай?
Кешегі күн тулақ па?
Жерлеріңді таныңдар.

Толық

Арман

  • 1
  • 14

Мезгіл бар ма құтылар,
Шынжырлаулы тағдырдан?
Бірақ ой жоқ ұмтылар,
Табылар тағдыр дағдыдан.

Толық

Қарап көріңіз