Айна алдында
Айна алдында,
Отырмын – Бетпердесіз,
«Өзгергенсің» - дейсің бе? Өткенде – Сіз...
Бүгін – Қалай?- «Сүйемін» - деп айтасыз,
Кеше ғана, ол жанды, жеккөргенсіз...
Өткен саған...
Таңсық па? - Кектенгенім,
Сызаты ма?
Жүректе - өткендердің
Айна – Cенен, «Ештеңе жасырмаймын»,
Айнасысың ескірмес бетперденің...
Күлейін бе?
Емес қой – шынайылық,
Кейпім жатқан секілді мұң айығып.
Жұбатамын дегінің жылатады,
Кім қосылып,
Барады, кім айырылып?!
Жанарымда,
Жұмбақ сыр. Аян - Саған,
Жауабына қанықса аяр ғалам.
Айна айтшы, баянсыз тірлігімде,
Тәмәм болар, қай тұста, баяндамам?!
Сынақ өмір, айтармыз кесімдей біз,
«Айна» - дейміз. Не қылдың, кесірдей - Сіз.
Сынсаң,
Сіздей, қоқысқа – лақтырады,
Мың - кесір ой?
Кесімсіз есіркейміз...
Айна – қара,
«Ақ шаш тұр» - байқадың ба?!
Жабы мұңнан?
Қалмапты, Жай -Тануға…
Әжім – әрін,
Маңдайға – жасырыпты,
Бәз күн қайда?
Болмай ма, қайтаруға?!
Жұпар қылса әлемге әтіріміз,
Жат болар ма, еді, бұл – жақынымыз?!
Алла алдында,
«Құныңыз». Қанша – Сіздің,
Ақыр күннің, қонағы, ақыры – біз...
Үлде – Дүние,
Бүлделі, үр – денені,
Пенделерді қалайша күрмегені
Неге? – деген, сұрақты, жиі – қоям,
Жауыбы - жоқ, күбірлер бірдеңені...
«Айна» - айтшы,
Жатым кім, жақыным кім?!
Аңғармаймын аздығы ақылымның.
Жар құлатар,
Қанайды, құзғын - уақыт
Жау астында, жастанып, жатыр – үлгім…
Қайтем енді,
Тағдырым, теріс – көрсе,
Керіскенше,
Сабырлық. «Көніс» – көнсе,
Сәл отырсам, омалып, қала берем,
Айна - болды,
Мен кеттім- көріскенше...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі