Бұл бетте «Бай болу мақсат емес!» атты Махамбетәлиева Зере жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір күні жігіт келді данышпанға,
Мықты өзі ұқсайтындай арыстанға.
Арманын аңқау жігіт айтты былай:
Болам қалай дəулетті,табысты аға?
Тарықпасам ешуақыт ештеңеден,
Қорықса екен барлығы əсте менен.
Үстімдегі шұрық тесік киімдерім,
Болсе екен жібек жіппен кестеленген.
Қожалық етсем деймін біраз жерге,
Атағым жетсе екен елден-елге.
Хандай сыйлап барлығы мына мені,
Айтқанымды қылса екен барлық пенде.
Данышпан сөзін болып осы жерден:
Доғар балам сөзіңді осыменен.
Дұшпаны- ашу болса адамдардың,
Ал, ақыл адамдардың досы деген.
Ақылың көрінеді саған елес,
Қазір сені ешкімде кедей демес.
Тыңда, балам, мынаны ұғып алғың-
Бай болу негізінде мақсат емес!
Байлығың ең бірінші амандығың,
Ойламас ешбір жерге жамандығын.
Ал, егер ақшасы көп бай болсаңыз,
Көп болар елге ойлап арамдығың.
Ертай
Өте керемет