Социалды Қазақстан – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Социалды Қазақстан» атты Ілияс Жансүгіров жазған отан туралы өлең берілген.

  • 11.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3694
Тыңда, тыңда!
Ал - ло! Ал - ло!
Ал құлақ қой,
Толқыды әуе,
Ал бұрап қой.
Радионы!
Жалға жылдам,
Ал - ло! Ал - ло!
Екен қайдан?
Ал жаңалық!
Ал құлақ сал!
Ал жаңалық!
Ал құлақ сал!
Тыңда, халық!
Тыңда, халық!
Сөйлеп тұрған
Кәрі тарих!
Ал - ло! Ал - ло!
Ал миллион!
Тыңда мұны
Қырдан, ойдан.
Ал құлақ қой
Бұра! Бұра!
Сөз берілді
Колхоздарға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері