Патима! – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Патима!» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2018
  • 0
  • 1
  • 5776
Патима, жаным, Патима!
Жалғызбын деп, қуанышым,
Неге жаздың хатыңа?
***
Батты жанға сол сөзің,
Сүйенерге мен жалғыз,
Қалдым құлап бір өзім.
***
Сенен алған мынау хат,
Өзегімді өртеді-ау,
Менде неткен рақат?
* * *
Жүрегіммен алысам,
Жетем бе деп сәулеме,
Қайғы жұтам, қан құсам,
Қалдым, сәуле, әуреге...


Пікірлер (1)

Пашол

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері