Өлең, жыр, ақындар

Толқын

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3315
Толқын жаңа өмірдің,
Тілеген шын тілегі.
Толқын істі қайнатып,
Қыздыра да біледі.
«Қара Қаншық» қыңсылап,
Толқынға қарап үреді.
Түнеріп толқын ағындап,
Жалтартпай жауын бүреді.
Түн көрпесін дал-дал ғып,
Әлемнен толқын түреді.
Тасады тасқын көпіріп,
Күңіренеді, күледі.
Алған беттен бір қайтпай,
Толқын алға басады.
Сумаңдап жортып, сыдыртып.
Талай қырдан асады.
Атардай сеңді сермеге,
Толқыннан жауы қашады.
«Көмілем, толқын көмет» деп,
Қалшылдайды сасады.
Су толқыны ақырып,
Кейде сылқ-сылқ күледі.
Қаһарын қайта шақырып,
Сырғиды сеңдер, жүреді.
Су толқыны мұздаған,
Пердесін судың сырады.
Біздің толқын зымыраған,
Мақсатқа жетіп тынады.
Су толқыны бұрқанып,
Аудармақшы кемені.
Біздің толқын бусанып,
— Әлемге нұр себеді.
Су толқыны осқырып,
Ентелеп жарды тебеді.
Біздің толқын тез жүріп,
Еңбектің балын емеді.
Біздің толқын іс толқын,
Іске мойын бұрады.
Біздің толқын күш толқын,
Социализм құрады.
Біздің толқын айғыздап,
Жүрегін жаудың тіледі.
Биікке шығып, нығыздап,
Ленин туын іледі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ант

  • 0
  • 0

Өмірдің сұлу жібегін,
Оранып киіп жатқан жан.
Алақанда аялап,
Әлдилеген алтын таң.

Толық

Ленин

  • 0
  • 0

Ленин, Ленин! Осы есім талай жылдар
Жырланды, жырланады сан ғасырлар.
Бар адамның жүрегін тебірентерлік
Ұлы Ленин атында сөнбес нұр бар.

Толық

Аждаһа — Гитлер

  • 0
  • 0

— Ей, аждаһа!
Мыстан кемпір
Кейпіне
Түскен залым!

Толық

Қарап көріңіз