Қазақ қызы

Бұл бетте «Қазақ қызы» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 12996
(Орденді Күләшқа арнаймын)

Гуілдеген жел — айдалада сарнаған,
Желге серік мұңды дауыс зарлаған.
Бота көзім, қазақ қызы есімде,
Ескі күнің «өлдім, анажан»- даған.
Сонда сенің жұбайың еді жалған ән
«Туар Шолпан маған - дағы атар таң»,
Дегендей ең, толқынды еді өлеңің,
Айлы түнде бар даусыңмен шырқаған.
Кейде күй сап домбыраның қылына,
Қосып үнін жүрегіңнің сырына,
Орал, Алтай, Алатауды кездіріп,
Батырушы ең Сарыарқаны мұңына.
Әлсіз ғана сенен шыққан қайғы-зар,
«Ұстар тал жоқ, суға кеттім не амал?»
Деген кезің, қарындасым, есімде,
Көрші, міне жүрегімде ізі бар.
Күй менен ән, қыз бен жігіт далада;—
Құрсауында қан, қаралы замана,
Қылдан қайғы, тілден уайым төгіліп
Қалар мұра еді атадан жас балаға.
Міне бүгін Мәскеудің кең залында,
Қазақ қызы ел ағасы жанында,
Өлең мен күй, ойын мен би, өрістеп,
Думан етті түсті жаңа сарынға.
Мәскеу таңым, Кремль сөнбес күнім,
Қысып сүйді қазақтың қыз бен ұлын,
Дүниеге таратты радиомен,
Жаңа туған халықтың күй мен жырын.
Саған арнап Мәскеуде ән шырқаған,
Жырдан меруерт тізбекке алдым қалам,
Сар күмістей өлеңнің нақыштарын,
Байғазы деп кеудеңе мен де тағам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ қызы өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Қазақ қызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ қызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ қызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері