Туғанмын бақыт нұрында

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3369
Туғанмын бақыт құшақтай
Өмірдің сәулет нұрында.
Туғанмын азат анадан,
Туғанмын совет жылында.
Туғанмын жарық өмірге
Деген анам «күл, бөбек!»
Туғанмын қарап мен күнге
Туысым ерек, бір бөлек.
Туғанмын таңда,
Самал жел
Сипады жұмсақ қолымен.
Өсірді анам,
Есірді ел.
Еңбектің сара жолымен.
Сан жығылдым,
Сан тұрдым,
Сабырсыз тәй-тәй кезімде,
Сан жыладым,
Сан күлдім,
Себебін таппан өзім де.
Адамша бастым алшаңдап
Өмірді,
Дүние жалғанды.
Жүрсем де алыс жер шарлап,
Тастамадым балғамды.
Балғамен ауыр төске ұрдым —
Темірлер нанша иленді.
Қамалда қиын мен тұрдым,
Асаулар қолға үйренді.
Өмірді бірге жасадым
Құдіретті, күшті көппенен,
Айқаста алға басамын
Дауылмен,
Жанған отпенен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туғанмын бақыт нұрында өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Туғанмын бақыт нұрында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Туғанмын бақыт нұрында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туғанмын бақыт нұрында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері