Ауыздықтап тұра алсын арманды кім – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Ауыздықтап тұра алсын арманды кім» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 4
  • 16696
Ауыздықтап тұра алсын арманды кім,
Жай таптырмас жаныңа жалған бүгін.
Байыздамай өмірден біз де өтерміз,
Болашаққа қалдырып қалған жүгін.
Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,
Мына думан өмірге сия алмаймыз.
Бос қиялмен өтпесек жарар еді,
Көктемеген егінді жия алмай біз.
Өзімізді, себебі, жиі алдаймыз,
Өзімізден-өзіміз үялмаймыз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (4)

НК

Қазақтың маңдайына біткен ақиық ақын.

тимур

мен аягозды жақсы коремин

Сандуғаш

Маған қатты ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері