Өлең, жыр, ақындар

Түйсік жыры

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 701
Түн іші.
Көктегі Ай
Маған қарады.
Мен Айға қарадым.
Тылсым бір күштен
Алабұртып барамын.
Аспанға ілінген
Шам-шырақ бұл.
Сол шамнан—
Көзге көрінбей—
Күміс сәулелер
Жаныма тамшылап тұр.
... Бір кезде біреу
Байғыздай баж етіп
Шамыңды сындырам деп
Аспанға тас лақтырды.
Сонысымен
Сүртілген терезедей
Жарқырап тұрған
Менің жанымды
Сатпақ қылды.
Тап-таза дүние
Әп-сәтте бүлінді.
Көлеңкелер көлбеңдеп.
Елес біткен
Ербеңдеп жүгірді...
Өкініш, өксіктен
Өртеніп барамын...
Түкке де түсінбей
Көктегі Айым
Тағы да
Маған қарады.
Мен жерге қарадым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңыз

  • 0
  • 0

Патша
Аң аулап келе жатты.
Бір кезде ол —
(Таңалакеуім бе,

Толық

Немерелерiме

  • 0
  • 0

Құлдыраңдаған
Құлыншақтарым-ай!
Желмен желбiреген
Тұлымшақтарым-ай!

Толық

Өмір туралы жыр

  • 0
  • 0

Білгенім,
Мына өмірде
Сан рет өлесің,
Сан рет тірілесің.

Толық

Қарап көріңіз