Ақынның ауылы

Бұл бетте «Ақынның ауылы» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 7
  • 20195
Сол маңға соға алмадым көптен бері,
Күз бе еді?!
Есімде жоқ, көктем бе еді?!
Есімде тек - даланың өкпек желі,
Есімді алып, құшақтап, өпкен мені,
Сол маңға соқпай кеттім көптен бері.
Сән түзеген Есілдің өңірінде,
Ақ қайыңдар әлі жүр көңілімде.
Ерекше еді ол жердің көлі мүлде,
Ерекше еді сол жердің елі мүлде,
Ерекше орын алып жүр көңілімде.
Суып барғам суытқан қылықтардан,
Жылбіп қайтып кеткен ем,
(Суып барғам...)
Арасынан орманның ақын көрдім,
Жырын іздеп жүр екен ұмыт қалған...
Жағасында Есілдің тұрыпты арман!..
Аққудың қанатындай сыңқылдаған,
Үнінен сол ақынның жыр тыңдағам.
Жыр тыңдаған:
Тың далам - сылқым далам.
Ақ Есіл бір толастап, бір тулаған,
Жағада ақ қайың мас, былқылдаған.
...Өтінем, сол ақынның тағдырын бер,
Өзгені қимасаң да, жұртым, маған?..
Ақ Есіл - ақ отауым, алқа көлім,
Қайың бақ, ойдым орман, қамқа жерім.
Ақынның аманат бір жырындай-ақ,
Аңсаймын да тұрамын Арқа желін.


Пікірлер (7)

Назерке

Маган унайды асиресе Мукагали Макатаев унайды.

Зәуре

Керемет

Амина

Керемет
Маған ұнады.

Медина

Маған қатты ұнады маған ❤????????????????♥♥♥♥♥♥????

ажар

маган катты унады и кым ол деген оленге уксайды

ажар

маган унады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынның ауылы өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Ақынның ауылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынның ауылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынның ауылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері