Жарқыра менің жұлдызым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 6284
Жарқыра, менің жұлдызым,
Жұлдызсыз мақпал түн — түнек.
Шақырып шалғай, жүршілеп,
Құстары ұшып дүркіреп,
Кеудеме жүрер жыр түнеп,
Жарқыра, менің жұлдызым.
Жарқыра, менің жұлдызым,
Жалындап от боп жанайын.
Ән болып өтсін әр айым,
Нұрландырса арайың,
Құштарлықпен қарайын,
Жарқыра, менің жұлдызым.
Жарқыра, менің жұлдызым.
Сүюдің дертін үдетіп,
Жолымды оңға түзетіп,
Сабырымды күзетіп —
Жарқыра, менің жұлдызым.
Жарқыра, менің жұлдызым.
Жалынға ора жас жанды.
Ақының неден жасқанды,
Өмірдің сырын жастанды,
Жанардан ыстық жас тамды,
Ұмытып дүние басқаңды...
Жарқыра, менің жұлдызым,
Қондырма қоңсы күдікпен.
Өмірде мынау жүріп кең,
Қиянаттан үріксем,
Созайын қолды үмітпен —
Жарқыра, менің жұлдызым.
Жарқыра, менің жұлдызым
Жарқыра, менің жұлдызым,
Боратып өлең — құйынды.
Ұқтырып дауыл күйімді,
Кенелтіп өнге үйімді,
Қуантсын жүрек дүйімді,
Сұранған сөздер сұралып
Айтылмай кетсе қиын-ды...
Жарқыра, менің жұлдызым,
Жолбарыс — жырлар жортқасын,
Жұртыма аян, қорықпасым.
Құлдырай көрме ылдиға,
Тұлпардың өрге
Тарт басын!..
Жарқыра, менің жұлдызым,
Жүзіңді тұман жаппасын,
Соқпасын дауыл, тоқтасын!
Жарығың сенің қуантсын —
Отанды, жерді, от басын,
Сөнуден сені сақтасын,
Жарқыра, менің жұлдызым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарқыра менің жұлдызым өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Жарқыра менің жұлдызым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жарқыра менің жұлдызым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарқыра менің жұлдызым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері