Келдің бе, жаным, көктеммен – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Келдің бе, жаным, көктеммен» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2820
Келдің бе, жаным, көктеммен,
Күтіп жүр ем көптен мен.
Көрмейді тағдыр,
Қатал ғой,
Көз жасынды төккенмен,
Келдің бе, жаным, көктеммен.
Келдің бе, жаным, көктеммен,
Лебің бе сенің —
Өпкен жел.
Қашықтата алған жоқ,
Қанша уақыт өткенмен,
Келдің бе, жаным, көктеммен.
Келдің бе, жаным, көктеммен,
Гүл ертеңде
Бөктерден.
Көк таулар тұрды қалқалап,
Көкжиекпен шектелген,
Келдің бе, жаным, көктеммен.
Келдің бе, жаным, көктеммен,
Жанымды өртеп
От деммен.
Қаңтардың қатқыл қысыңдай
Күндерім сенсіз өткерген,
Келдің бе, жаным, көктеммен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері