Жасыл жағалау

Бұл бетте «Жасыл жағалау» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3181
Жағалау. Жұлдыз сезім туды ойымда.
Үн қатпай маужырайды гүл, мойыл да.
Үп еткен самал соқпай, жапырақтар
Тып-тыныш ұйықтап жатыр су бойында.
Шығамын жағалауға салқын демей,
Әр түрлі әсер етер әр түндегі ой.
Алыста шегірткелер шырылдайды,
Әупілдек көптен бері әупілдемей.
Ол жайлы білмес бала елде өспеген,
Естілмес су түбінен енді ескі өлең.
Жұлдызы шүпірлеген туған жерге,
Бір мекен жер бетінде теңдеспеген.
Мақпал түн! Сұлулығын жаяр барша,
Ай жарық. Ашылады бояу қанша.
Сан түрлі дауыс толып кетеді екен
Далаға
Бұлбұлдары оянғанша.
Тірлікті ұнатпаймын, тегінде, ұсақ.
Биікке талпынады көңіл құсы ақ.
Түнде де ағып жатыр аппақ өзен
Тоқтаусыз өтіп жатқан өмір құсап.
Көтерсе ерекше бір күй еңсені,
Төгілер сезімнің де йен селі.
Күндіз де, түнде де аққан өзеніңдей,
Туған жер, демалыссыз сүйем сені.
Қандай жақсы шілдедегі көк орман,
Көк орманда бұрқыратып шөп орған.
Күннің нұры секіреді орақта,
Көңіл нұры шашырайды жанардан.
Тамаша ғой шілдедегі көк орман,
Көк орманда хош иісті шөп орған.
Шырмауықты орағыңа оралған
Алып тастап, рақат қой демалған!
Қандай жақсы ақын үшін мол арман,
Ой орасың сияқтанып шөп орған.
Бұрқыратып шумақтарды тастасаң
Әр сөзіңнен ұшқын ұшып әр алуан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасыл жағалау өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Жасыл жағалау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасыл жағалау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасыл жағалау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері