Аласа – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Аласа» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2005
Айтпа, бауырым, үйінді аласа деп,
Бұл маңда биік үйлер бар аса көп.
Жаның биік болғасын барлығынан,
Дос-жарандар түсеміз таласа кеп.
Бұл отау ән мен жырдың ұясы ма,
Күтіп тұр өз кезегін күй асыға.
Қолыңа ал қоңыр үнді домбыраны,
Ән өрлет Алатаудың қиясына.
Қалықтат сұлу әннің қаршығасын,
Жүректен күй сорғалап тамшыласын.
Соншама асқақ әуен, сырлы сазға
Қалайша тебіренбей жан шыдасын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері