Орман – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Орман» атты Марфуға Айтқожина жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2211
О, ну орман, жақсы орман,
Ғасырлармен жасты орман.
Жаралдың ба, кім білсін,
Ұшқыр қиял, ащы ойдан.
Орман, орман, бала орман,
Күйі, сыры бар орман.
Саяңа ендім тағы да,
Татқызар болсаң бал орман.
О, ну орман, гүлді орман,
Гүліңде нұр күлді орман.
Жазы, аязды қысы бар,
Мүлгіген тыныш түнде орман.
Ойлы орман, жақсы орман,
Ғасырлармен жасты орман.
Тоңазып келдім, жат көрмей,
Тозбас шапан жапшы орман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері