Жыр оқы деп қолқалап қоймадыңдар
- 0
- 0
Жыр оқы деп қолқалап қоймадыңдар,
жарқылдауға шамам жоқ, бойда мұң бар.
Мені құрмет тұтқаның үнімді емес,
жырларымды оқы да, ойларымды ал,
Бұл бетте «ПЕНДЕМІН ғой мен ПЕРІШТЕ емеспін» атты Нурсултан Надиров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жыр оқы деп қолқалап қоймадыңдар,
жарқылдауға шамам жоқ, бойда мұң бар.
Мені құрмет тұтқаның үнімді емес,
жырларымды оқы да, ойларымды ал,
Көсемдікке тапшымыз, кеңдікке де,
адамдыққа, мәртікке, елдікке де,
сөйте тұра дүниені тындырғандай
баса алмаймыз аяқты кергіп неге?
Қасиетті Нарын, құм Нарын,
киелі менің құндағым,
көңілімде таудай тұлғалым,
құмыңдай көшіп жүріп мен
Өмір - бұлақ жыраққа қашады ағып,
жастығың да қалады тасаланып.
Адам сосын отырар ой кеміріп,
жақсы, жаман істерін жасап алып.
Тіл табудың жүрмін–ау таппай да ебін,
маған біреу шашады оттай демін:
«Қайғыма ортақ болмадың, сүйтпедің» – деп,
өз тірлігім, өз қайғым жоқтай мені...
mendi
жақсы өлең... ой бар...
Nadirov1990
рахмет
Акнур
Оте керемет! Замандастарыныз сизди жаксы тусинеди. Нагыз миллениалдын создери!
Моля
Оте керемеееет
Жанерке
Өте әдемі тақпақ.Маған ұнады
НҰРДАУЛЕТ
музыкамен айтылған барма
Myrza
Өте керемет!