Нева үстінде – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Нева үстінде» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1541
Қайшы алысты шағалалар шарқ ұрып,
Нева лықсып, қарауытты жар тұнып.
Мойнын созып қарайды алыс Аврора,
Теңселемін сабырым сонша сарқылып.
Балаң едім бұла өскен тентектеу,
Аңсадың ба, жүрген шақта мен шеттеу.
Көмейдегі іркіп қалдың дірілді,
Мықтылығың көз жасыңды көрсетпеу.
Шалғайдамын ыстық құшақ, аяңнан,
Шақтарымда сағыныш билеп оянған.
Жағалауын талай кездім Неваның
Ақ түн құшып, ақ сәулесін оранған.
Емес бұнда күн қайнаған, түн ыстық,
Гүлдің үстін көмкереді күміс шық.
Нева ол да қалғып кеткен бағана,
Аврораны тербетеді тыныштық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері