Жадау жанымның күйін шертемін – Шынар Кендін

Бұл бетте «Жадау жанымның күйін шертемін» атты Шынар Кендін жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аллам!
Жолыңды көрсетші,
Жоғалып барады сүрлеуім..
Жоқ іздеп жүріп
жоғалып кеткен күйдемін..
Жоққа да сабыр,
барға да қылдым қанағат
Жолымды байлаған
шеше гөр,
жіптің күрмеуін...
***
Қу өмір-ай!
Құлың ба едім , мен сенің?
Езіп, баса бердің ғой
еңсені..
Аяр, алаяқ біреулер
кезіп жүр..
Аппақ арманның үзіп
желкенін...
Аққа құдай жақ, болса егер
Ақ құдай!
Айтшы,
нені күтеді ертеңім?
Жалтақ,
жағымпаздардан жалығып,
Жадау
жанымның күйін шертемін...
Шынар Кендін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар