Енді несін айтайын бұл шақта мен
- 0
- 0
Енді несін айтайын бұл шақта мен,
Құшақ-құшақ өзіңе гүл сақтап ем.
Омырауымда жарылған ақ барабан,
Қайда жүрсің тас-талқан бұршақты әлем.
Бұл бетте «Жұрттың ойы» атты Хиуа Кушербаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Енді несін айтайын бұл шақта мен,
Құшақ-құшақ өзіңе гүл сақтап ем.
Омырауымда жарылған ақ барабан,
Қайда жүрсің тас-талқан бұршақты әлем.
Менің халқым қашаннан ұлы болған,
Менің кеудем қашаннан жылы болған.
Соғыс өртін қоздатқан дауылдардан,
Қақсатқан ауыр зардан,
Мен туған жердің ардағы,
Жарқылдап жүрген жақсы апам.
Ризалығым бар-дағы,
Тағатын кінәм жоқ саған.
Мен-дағы сөз келген соң төзем бе енді,
Сарқырар ақпа бұлақ кезең келді.
Алатау ақ бұлтынан сәлем саған,
Арқаның жамырауық өзендері.
Шертті дала сырларын,
Жамыраған жаз келді.
Қанатында тырнаның,
Қалықтаған саз келді.
Көктем болсам қайран қып қыздар елін,
Көкірегімнен талай күй қозғар едім.
Сезімдегі ізгілік жырға сыймай,
Дөңбекшіген түндерім аз ба менің.
Алия
аұылсыз деген жері қате