Əкелші
- 0
- 0
Əкелші,
ақ жүзіңді мен сүйейін,
Тамсанып: «Тағы, тағы келші» – дейін.
Өмір бойы көркіңді көзім керіп,
Бұл бетте «Түйін» атты Назерке Серікқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Назерке Серікқызы — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Назерке Серікқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Жүрегім бірде күлер, бірде жылар...
Ол, шіркін, кімге ғашық, кімге құмар?
Аужайын көңіліңнің айтпағанмен,
Хал-жайын махаббаттың білген ұғар.
Мен саған бірде көктем, бірде күзбін.
(Көңілде құйын ойнап жүр ме біздің?..)
Тұманды, күмəндімін күздігүні,
Көктемде саған арнап гүлдер үздім.
Адамға ала бөлмес қазынасын
Жақсының өкпесінен назы басым.
Жаныңа жайма-шуақ жарық сеуіп
Жалт етіп бір қараса, жазыласың.
Асылға балап сені Аққу дедім,
Аққудан кем емессің,
нақ білгенім.
Құс-көңіл күнде өзіңе ынтыққанмен,
У-зəрді жалғыз ғана мен ішем бе? –
Жүректің жүдеп жүрген емі сенде.
Көрмеймін дегеніңе көнемін бе,
Келмеймін дегеніңе келісем бе?
Sayin97
Өте әдемі сырлы да, сымбатты өлең.
Oral
Керемет, жас қаламгерге сәттілік!