Іздеймін сені, табамын – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Іздеймін сені, табамын» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1943
Қызғалдағы,
Қырдың қызыл тергенім.
Таттым талай өмірдің бал, кермегін.
Бір жарқ етіп жоқ болған қыз сонау күн,
Күн астындағы Күнекейім — сен менің.
Алдымда таң атар әлі,
Арай, ақ,
Көргенім жоқ қиындықтан жан аяп.
Сені іздеймін Арман — Ару табамын.
Көмегінсіз —
Таусоғардың,
Көлтаусардың,
Желаяқ.
Мен өзімше салам өмір өрнегін,
Қамбар үшін тұрар сәнді өрмегің.
Тапсам егер,
Сәл кінәмді кешірмес.
Наз үнім бол,
Назымым бол сен менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері