Өлең, жыр, ақындар

Күй сазы

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2207
I
Айтар болсам,
Жасырмай не асырмай,
Отыр әлі алған әсер басылмай.
Шертсе деймін өмір сырын бар аспап,
Осы Ару домбырасындай.
Тіл жоқ деген домбырада бекерлік,
Қос ішіктен нөсер жаңбыр төгерлік.
Ынтықтырды, ынтықтырды өзіне,
Нәзіктік пен шеберлік.
Айдын көлге көңіл құсын қондыра,
Шықты алдымнан шын құпия; мол мұра
Жеңілсем де болар едім дауласкер,
Өкінішті-ақ шерте алмауым домбыра.
Шылбырынан босай алмай тұр төзім,
(Осы сырды тек құпия білші өзің).
От шашама маған қарай нұр көзің.
Астан-кестен қылған тұла бойыңды,
Жана ма әлде,
Өшер ме екен бұл Сезім?!

II
Баурайтындай едің жаным, сонша кім,
Аңсар жүрек осы сәтте аңсарын.
Шымырлатып көкірекке жыр құяр,
Сиқырлы екен қарындасым саусағың.
Бал-бұл жанып, бал-бұл жанып гүу өңің,
(Осы сәттің құпиясын білемін).
Саусақ емес сағақтан сыр ағытқан,
Жүрегің ғой,
Жүрегің ғой,
Жүрегің.
Жетегіне еріп небір ойлардың,
Арғымақтай бір қызыққа байландым.
Күмбір қағып тұрған қазір күй болып,
Сенің құйттай жүрегіңнен айналдым.
Көгершінім —
аспанымнан түсірмес.
Көңіл сырым — ләззатым ішілмес.
Түсінеді жүрек жырын бар адам, -
Түсінбесе жүрегі жоқ түсінбес.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аяймын

  • 0
  • 0

Алқа топта болмаған,
Есіп айтар нақылы.
Aшу тоқтар болмаған,
Кесіп айтар ақылы,

Толық

Ұрыспа, маған

  • 0
  • 0

Жастық деген:
Ай мұңдасы әм сырласы екен ғой,
Той жиынның ән-жыр басы екен ғой.
Иран бақтың бұлбұл сазы екен ғой,

Толық

Үміт пен күдік

  • 0
  • 0

Үмітпен қарайтындар көп,
Күдіктілер одан көп.
Жүрген жанмын: «Өз гүлімді тағам» – деп.
Жүрген жанмын: «Маржан іздеп табам» – деп.

Толық

Қарап көріңіз