Өлең, жыр, ақындар

Құламаған ту туралы толғау

  • 10.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2256
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі сессиясының салтанатты мәжілісіне қатысуға шақырылыппын. Онда бүкілхалықтық сайлаумен сайланған тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев депутаттар мен әр облыстан келген өкілдер алдында Ант қабылдайды екен. Мұндай рәсімге қатынасу бақытына ие болу әркімнің маңдайына жазыла бермейді емес пе? Тәуелсіздігіміздің көк Туы төбемізде асқақ желбіреп, жүрегіміз шаттықтан жарылғалы тұрған шақ еді...
1991.

Желтоқсанның 10-ы еді.
Аспан ашық көк сеңгір,
Шаттыққа жүрек толы еді:
«Арманның сырын төксем бір»,
Көңілімде көркем өлеңім.
Кеуделерге еккен гүл,
Сарайға күліп келемін.
Қазақ жері, әр отау,
Бір бақытқа сенеді.
Ақбас шыңды Алатау,
Төбемізден төнеді.
Алты Алаштан жиылған,
Бір арнаға құйылған,
Бір Аллаға сиынған,
Мұнда бүгін жиын бар.
Жайдары жүздер кектенбей,
Көктөбем күлер көк белдей.
Желтоқсанның ызғары,
Көктем боп самал төккендей.
Құйылып көктен жаңалық,
Алматымды өпкендей.
Жиынның аты – сессия
Шадыман құрған салтанат.
Басталған шақ ес жия,
Әрбір тілден бал тамад...
Айнымас көне қалпынан,
Қазақтың мұнда салты бар.
Президенттің тұңғыш сайланған,
Халқына берер Анты бар.
Тербетіп терек, қайыңды,
Көтерем көкке Айымды.
Құрсауы мықты қара бұлт,
Аспанымнан жойылды.
Куә боп Абай ар үнді,
«Ақ түйе қарыны жарылды».
Қазақтың өз гимні,
Шырқалып тұңғыш жалынды.
Құлшылық етіп Аллаға,
Ақсарбас қошқар шалынды.
«...Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған...»
Шырқадық тік тұрып залдағы барша адам.
Жеткенше осы бір мезгілге,
Шейіт боп кетті екен қанша жан?!
«Конституцияны сақтауға,
Жол бермей құқық таптауға.
Президенттік парызға,
Лac-кірлер жақпауға».
Ант бергенде Нұр-Аға,
Дүр сілкінді зал іші,
Даланың жақын, алысы,
Тойлады...
Гимн тағы ойнады.

Осы сәтте есте жүретін ерекше жай болды. Сол көріністі «Егемен Қазақстан» газеті өзінің 1991 жылғы 11 желтоқсандағы №284 санында былайша тұжырымдаған еді: «Ел өмірінде тосын оқиғалар болып жататыны сияқты, бұл жиында да күтпеген оқиға болды. Республика гимні ойнағаннан кейін, сахна жабыла бергенде шымылдық Қазақстан Туын қағып, Ту қисая берген. Бірақ Қазақстан Туы құламады. Оны Президент Нұрсұлтан Назарбаев құлатпай ұстап қалды. Алғашқыда «ойпырмай» дегізген осы оқыс сәттен біз үлкен нышан байқадық. Нұрсұлтан Назарбаевтың ешқашанда, ешқандай сәтте де Қазақстан Туын қисайтпайтынына кәміл сендік».

Жарамас ойды бүккенім,
Елбасым Туды тіктеді.
Құрыштан туған құрыштай,
Нұр-Ағам неткен мықты еді.
Бір сәтке есім кетірген,
Үстімнен түскен жүк менің.
Енді мен шалқып айтам ән,
Қалайша айтпай жай табам.
Үстіме құлай жаздаған,
Тіктелді Туым қайтадан.
Қалқып шыққан сәт еді ол,
Қазағымның қаймағы.
Балқып жатқан сәт еді ол,
Нұр сәулеге аймағым.
Бұрын ойға келмейтін,
Мәңгі жанды тербейтін.
Жақсылық нышан меңзейтін,
Ғарышқа құлаш сермейтін,
Бодандық енді келмейтін,
Ұлтымыз мәңгі өлмейтін,
Кеудені шаттық кернейтін,
Тек қана өрге өрлейтін,
Туды деп білем заманым.
Архивке тастап жаманын,
Шұғылалы шақтар көп болар,
Тілеймін Елім аманын!..

Иә, салтанатты мәжіліске қатынасушылардың бәрінің де көкейінде «Нұрсұлтан ешуақытта да мемлекет Туын қисайтпайды, Қазақ Елі өсіп-өркендеп, тарих сахнасында өзінің еңселі орынын алады» – деген берік сеніммен кеткен еді.
Енді міне сол сенімнің айна-қатесіз келгенінің куәсіміз.

24.12.2008 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Досым, саған, сыр айтам, сырым бұл деп жыр айтам

  • 0
  • 0

Ортасында тілек-назым құпталған,
Достар, достар, құшақ жайып шықты алдан.
Шын достықтың орны өмірде ерекше,
Достар үшін жан беремін керексе...

Толық

Май сіңген күртеше

  • 0
  • 0

Қойшыға қандай ыстық,
Даланың жусаны, қымыздығы.
Маған да сондай ыстық,
Качалканың сазды үні, сыбызғы үні.

Толық

Он сегіздің от демі

  • 0
  • 0

Он сегіз мезгіл екен,
Арнадан тасып, толар.
Он сегіз мезгіл екен,
Өртене ғашық болар.

Толық

Қарап көріңіз