Сүйгенім сен – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Сүйгенім сен» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 4061
Сенші, сәулем: сүйгенім сен жалғанда,
Аңсарым сен - ойда жалғыз қалғанда.
Сен менікі, мен сенікі болмасам,
Өтер едім өкінумен арманда.
Маздап сәулем, көзіңнен от жанады,
Кірпігіңнен меруерт шоқтар тамады.
Күйресе де, күл болса да көнуге
Көбелектей жаным қанат қағады.
Тарт өзіңе, шапағатшым аяла,
Тарт өзіңе, алшы мені саяңа!
Күйдір, жандыр құшағыңда, сәулешім,
Жалыныңды жанымнан тек аяма!

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері