Толқын, жел – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Толқын, жел» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3050
Жатқан жансыз көк теңізге
Жеңілтек жел жетсе келіп,
Канатымен желпіп түнде
Азғана дем кетсе беріп;
Таппай дамыл күрсінеді
Толқып теңіз көпке дейін!
Жар жағалап сұрар желді,
Шаршап әбден... тыншыр кейін.
Білер ме жел көк теңіздің
Күрсінумен шыдағанын,
Берер ме жел көк теңіздің
«Сүй» деп тағы сұрағанын

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері