Бұл бетте «Жамал» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
23.03.2019
0
0
3025
Қара көз - қазақ қызы аты Жамал,
Өрнектеп кестелейді ақ орамал.
Ой кеткен майдандағы ғашық жарға
Сезбейді тамған жасын орамалға.
Кестелеп ақ жібекке түсірді гүл,
Гүліне отыр қонып мұңды бұлбұл.
Қонғандай жүрегіне Жамал әні,
Оның да бар сияқты сағынғаны.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі