Өлең, жыр, ақындар

Бір дос туралы

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 4016
Домалақ бір досым бар дөп-дөңгелек,
Келеді кең жолдармен көп дөңгелеп.
Өнері оңай тапқан жазушылық,
Өтпейді жазғандары етпей көмек.
Өзі қу сездірмеске сорлылығын
Жанаса жақсылармен жүрер мығым.
Әлдіге қошеметшіл әзілі бар,
Әлсізге аңғарта алар өз сұмдығын.
Алдында айбарлы боп балалардың,
Көрінер көтерердей жүгін нардың,
Жиында жұрттан бұрын төрге ұмтылып,
Ішінен алады орын ағалардың.
Қарызға шаш-етектен батса - дағы,
Төленбей көбі соның жатса - дағы.
Қажетті кісілерді қонақ етіп,
Қояды түзеп түгел қас-қабағын.
Ұмытпай ет пен шайдың арасында,
Я сегіз, я тоғыздың шамасында,
Жылпылдап жүрдек қолы, жүндес қолы
Тартады қартты шапшаң жарасымға.
Айтса да кей жиында «ұят», «ар» деп,
Өзін де ойламайды бірін бір деп.
Өсегі сүйенері - ақ семсері
Сілтейді сырбаздарға соны дәлдеп.
Болса да доп - домалақ, әрі зілдей,
Азғырғыш шапшаңдығы әзәзілдей,
Достардың татулығын тас-талқан қып,
Кетеді ол оп-оңай-ақ бұзып нілдей,
Өмірде тосқауыл жоқ ол бөгелер,
Қолдағыш Архимедтің заңын шебер.
Оп-оңай көтеріліп ауырлықтар,
Ғажайып сиқыршыдай етеді өнер.

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарын тоқ...

  • 0
  • 0

Отырмын, қарап, күлемін
Ана бір жүрген мастарға:
Біреуі түрген білегін,
Еменді жұлып тастауға.

Толық

Сарыарқа

  • 0
  • 0

Әперші, балам, домбыра
Қаңсытпай күнге шанағын.
Құлағын бұрап жаңадан,
Жаңарта перне тағамын.

Толық

Мейрімім

  • 0
  • 0

Мейрімімнің шегі жоқ
Сенгенім мен сүйгенге.
От боп жанғым келеді
Жылуы жоқ үйлерде.

Толық