Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан — алтын сандық

  • 29.03.2019
  • 0
  • 0
  • 4527
Отанға, партияға менен рапорт,
Қабыл ал ақын сөзін қадырлы жұрт,
Бұл ермек емес, яки, сөз құмарлық,
Сөйлеуге республикам берді жарлық,
Ең биік шықтым, міні трибунаға,
Үн қостым Жамбыл тартқан домбыраға.

I
Бар еді байтақ даламыз
Таныған жалғыз қазағын,
Арнаған екен қазаққа
Азабы менен дозағын:
Су сұраса беріпті,
Топырағы мен тозаңын,
Жол сұраса беріпті,
Сағым атты мазағын.

* * *
Қуыпты қазақ сағымды,
Табам деп содан бағымды.
Үні деп өмір таныпты
Естілген желден сарынды.
Тасқының құмның кешіпті
Тынымсыз қозғап ауылды.
Үдере жүріп іздепті
Даланың алтын сандығын
Тереңде жатқан жабулы.
Табам деп сол сандықты
Талай қазақ, қаңғыпты.
Тауды кезді, жаңғыртты,
Түзді кезді, шаң жұтты.
Таппай алтын сандықты
Жолда қалды сан мықты.
Тілсіз дала - кәрі қу
Ермек етті албыртты.
Жүгіртіп дала қаңбақты,
Осы деп байлық алдапты.
Қазекең оған нанбапты,
Бетінен алған танбапты.
Арман қып алтын сандықты,
Жапанды тынбай шарлапты.
Ақындар әлсіз болдырып,
Қураймен бірге сарнапты.
Сонда бір мұңлы ән қапты.
Батырлар түзде дал болып,
Даласын туған қарғапты,
Сонда бір мұңлы зар қапты.

II
Ағылып етті жүз жылдар,
Ғасырлар қалды кейінде
Россия кетті ілгері
Тізгінін беріп Ленинге.
Қазақ та бірге қозғалды
Кеудесі толы сенімге,
Жаңа күн туды жарқырап
Көңіліндей ашық көгінде.
Жаңа әндер туды шырқалып
Жасарған ғажап еліңде.
Даламыз қайда, даламыз?
Далаға қанат қағамыз.
Даланың кілтін табамыз
Таппаған ата-бабамыз.
Сараңның ашып сандығын
Алтынын тыққан аламыз,
Ортаға олжа саламыз,
− Туысқан жұртым, - орысым!
Қонысым - сенің қонысың,
Қазанда бірге сыбағам,
Тірлікте бірге тынысым,
Сенімен тізе қосқалы
Төгілмей келеді ырысым.
Ашайық алтын сандықты,
Әкелші қолды сол үшін.
Киевім - жарық астанам
Көзімнің сәуле нұрындай.
Қыздарың туған қызымдай,
Ұлдарың туған ұлыңдай.
Басталған емес бір ісім.
Сенімен бірге жұмылмай.
Далама менің бірге аттан,
Жорыққа шыққан жылындай.
Ашайық, алтын сандықты,
«Даланың жұмбақ сырындай!»
Шақырды қазақ осылай,
Аттанды бірге достары.
Дүбірге дала кенелді.
Тігілді қатар қостары.
Төбеде тұрды күмбездей
Көгілжім, ортақ аспаны.
Әндерін шырқап бірге айтты.
Бауырлас елдің жастары:
«Тыңға түстік, түстік тыңға.
Шыңдалады жігіт сында.
Ей, жас жолдас, тез қимылда,
Шабандыққа жаумыз мұнда.
Қос әніңді, қос моторға,
Тарт соқаны жоннан жонға!
Жая берсін түн қанатын
Бізбен іркіліп тоқталатын!
Ал жағыңдар прожекторды
Өткір сода жыртсын түнді.
Ей, жас жігіт, ұста мығым,
Әлсіретпе от жарығын.
Шапшаң жолдас тез қимылда!
Шабандыққа жаумыз мұнда.
Қажет болса айнал отқа
Тамырыңа жалын құй да,
Қос әніңді, қос моторға,
Тарт соқаны жоннан жонға!»

III
Сағымы көзді алдаған
Даламыз қайда, халайық?
Қурайы бір кез сарнаған
Жапанды шолып қарайық.
− Тербелген бұл не, теңіз бе?
− Теңізден терең ғажайып.
− Сарғайған бұл не, алтын ба?
− Алтыннан асыл ғажайып.
Сараңның аштық сандығын,
Бермесін алдық, даланың.
Інжулер төгіп үнінен
Орағым айтты өз әнін.
Үйілді қызыл қырмандар
Үйіндей үлкен қаланың.
Жинаңдар, түгел жинаңдар
Отанның қап пен қанарын!
Вагондар тола тиелді,
Поездар әрең ырғалды.
Жөнелтті Қазақстаным
Миллиард пұттық қырманды.
Көріп тұр Қазақстаным
Ашылар алда тыңдарды,
Күтіп тұр Қазақстаным
Болашақ жарқын жылдарды!

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жамал

  • 0
  • 0

Қара көз - қазақ қызы аты Жамал,
Өрнектеп кестелейді ақ орамал.
Ой кеткен майдандағы ғашық жарға
Сезбейді тамған жасын орамалға.

Толық

Асқар ақынға

  • 0
  • 0

Қызық қой, Асеке, бұл өмір білгенге,
Ләззәтін білмейсіз ішінде жүргенде.
Ұмытып кетеміз бейнетті күндерін
Көңіліміз жарқырап бір мезгіл күлгенде.

Толық

Жүгір

  • 0
  • 0

Жүгір - жүгір, көп ізде,
Жүгірмейді дегізбе.
Көзге түссең, жиында
Көтерілу қиын ба?

Толық

Қарап көріңіз