Менің университетім – Нұрбол Ержанұлы

Бұл бетте «Менің университетім» атты Нұрбол Ержанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2019
  • 0
  • 0
  • 5156
Алтын болған сөздерімді қолданайын,
Өнеріміз тұрғанда қолда дайын!
Шабытымды барынша іске қосып,
Универім жайында толғанайын!
Универге биыл қадам басқанбыз,
Мамандықты армандап-ап жастан біз!
Білім алып,оқу үшін салынған,
Бұл орынды бағалайық бастан біз!
Арман,мақсат біліміміз ап келген,
Бастапқыда оқитын жер жат келген.
Күндер өте универің мәңгіге,
Есте қалар ең қызықты сәттермен.
АӘИУ деген есімімен әйгілі,
Топты жарып берер емес бәйгіні!
Милион шығып әзілменен күлдіргенде,
Ұмытасың !өкпе,реніш,қайғыны!
АӘИУ-імнің тарихы жатқан аңыз,
Білмей жатып тарихын даттамаңыз!
Өзгелердің ойы бізді қызықтырмас!
Ең бастысы біз сенімен мақтанамыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің университетім өлеңінің авторы кім?

Нұрбол Ержанұлы — осы өлеңнің авторы.

Менің университетім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің университетім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбол Ержанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің университетім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар