Сөз соңы – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Сөз соңы» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1733
Сен де бір кең даланың қыранысың,
Ұшары көк, қонатын тұрағы шың.
Қасиетті Қаратау қойнында өсіп,
Кеудеде толқындатқан Сыр ағысын.
Сен де бір қазағымның мақтанышы,
Жүретін басым болып жатқан күші.
Көрейін өзің жайлы тебіреніп,
Қаламнан тұнық жыр боп ақтарылшы.
Шалқыған дарияның сен кемері
Өзіңе уақыт кімді теңгереді.
Төсінде алтын жұлдыз жарқыраған
Елімнің Батыр ұлы, Еңбек Ері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері