Сән құрбаны – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Сән құрбаны» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4233
Ойпыр - ау, бұл не сиқың, аққу шырақ,
Дударлап қанатыңды сонша бұрап,
Күлге аунап шыққансың ба, жарықтығым? —
Деп бір күн таңырқанып, қалдым сұрап.
— Білмеп пе ең ? — деп назданып жай ақырын,
Өзінің бүкпелемей айтты сырын:
— Қазіргі соңғы мода, соңғы фасон,
Енді аққу емес, шеттің қарғасымын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері