Бұл бетте «Ақылды қозы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жар басынан бір күні
Қозы көріп Қасекең,
Қауып кетті құлқыны,
Аңдығаны ас екен.
Тырысса да қаншама,
Жарға шыға алмады.
Сонда тұрып тамсана,
Қасқыр сөзбен арбады:
«Онда саған жоқ орай,
Қозы қалқам, жерге түс.
Мұнда шалғын көкорай,
Мұнда бұлақ, кел де, іш.
Илан айтқан сөзіме,
Жаман ойлап, жасқанба.
Мен тұрғанда өзіңе,
Жолай алмас басқа аң да».
– Естімеп ем қашаннан
Қайырымын қасқырдың.
Сұрап келем апамнан
Сырын сіздей тақсырдың, –
Деді-дағы жас Қозы,
Кетті әрмен секіріп.
Алабұртып аш көзі,
Қасқыр қалды өкініп.
* * *
О, балалар, шамаңмен
Бастар болсаң бір істі,
Алдыменен анаңмен
Ақылдасқан дұрыс-ты.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі