Өлең, жыр, ақындар

Алма ағаш пен шырмауық

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5516
Шырмауық, Алма ағаштың түбінде өскен,
Кезінде алма ағашпен бір тілдескен.
Бар сырын айтып, мұңын шақты жылап:
— Жатқаным жер бауырлап, ылғи құлап.
Құр сүлде көлеңке жеп, бой жаза алмай,
Күн көзін әлемге ортақ бір көре алмай,
Өмірім өткені ме? Осыған сіз —
Айтыңыз ақыл-кеңес, дос адамсыз.
Тілегім аз ғана күн сізге асылып.
Күн нұрын көрсем...
Деді ол бас ұрып.
Алма ағаш шырмауықтың мұңын тыңдап,
Сезсе де пайдасызын, тез мақұлдап:
— Асылсаң асыл, жатпа көлеңкемде!
— Ұмытпа жақсылықты өле - өлсем де!
Сонымен алма ағаштың бойын өрлеп,
Асылып өркендеді, кетті гүлдеп.
Жетті де ойлаған ой, дегеніне,
"Рахмет " алма ағашқа демеді де,
Өркенін жайып, басып иығынан
Күлетін болды қайта миығынан.
Бере алмай жылдағыдай жемісін де,
Пайдасыз өзі үшін де, көп үшін де,
Бүркеніп шырмауықпен алма семіп,
Көгеріп көркеюі қалды кеміп...
Оралған шырмауықтай әдет-ғұрып,
Болған жоқ әлі бізде түгел құрып.
Кейбіреу сол оралар шырмауықты,
Десең де: "өміріне бұл қауіпті!"
Өсіріп, өркендетіп, асылдырып,
Алады құтыла алмас масыл қылып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құрт пен құмырсқа

  • 0
  • 1

Шақырып бір күн бастық құмырсқаны,
Сондағы мынау болды ұрысқаны:
— Ұятсыз, ығыр қылдың сен антұрған,
Парықсыз жан екенсің барып тұрған.

Толық

Манабайдың маймағы

  • 0
  • 0

Майпромға барды да,
Манабайдың маймағы.
Қолына түсті бар сүттің
Жылтыраған қаймағы.

Толық

Ә...-ге

  • 0
  • 0

Мінезің бар одағай дүңк ететін,
Өз пайдаңның таппасаң, бір төтесін...
Опыр-топыр ұрда жық мінезіңнен,
Бір күн әлі-ақ шойрылып дүрс етесің.

Толық

Қарап көріңіз