Түйе мен маса – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Түйе мен маса» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2983
Мың маса бір түйені ортаға алып,
Жан-жақтан тұмсық қадап, ауыз салып,
Таудай боп ортасында жатыр түйе,
Масаның тұмсығымен бауыздалып.
Құр қалған бәрінен де түйе жазған,
Жаз болса маса талап, көрін қазған.
Болғанмен өзі таудай, маса жаудай
Не күтіп, не сұрайсың бұл сабаздан.
Жау болса ірісі не, майда не
Құр қаупек түйеліктің пайдасы не?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері