Шерияздан Елеукеновке

Бұл бетте «Шерияздан Елеукеновке» атты Кәкімжан Қазыбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4927
(«Ақбұлақ» әнінің ырғағымен айтылады)

Күндіз-түні бұрқырап,
Шығып жатқан көп кітап.
Кейбіреуі олардың,
Бұл әлемде жоқ кітап.
Нұрға бөлеп жаныңды,
Ұмытылмас мәңгілік.
Жүреміз ғой бәріміз,
Рухани нан ғылып.
Айналайын Шекенжан,
Сен басқарған баспадан,
Жазушылар ақша алған.
Сенен шыққан кітапты,
Бүкіл қауым бас салған.
Айналайын Шекенжан,
Жаны шуақ адамға.
Сендей сірә бастықты
Бұл әлемнен табам ба!
Ұйқың қашып кей күндер,
Жүдеп-жадап жүресің.
Қате кетсе кітаптан,
Сөгіс алу — үлесің.
Мойымайсың сонда да,
Жігер тауып бойыңнан.
Қанша жаза болса да,
Кітап кетпейді ойыңнан.
Айналайын Шекенжан,
Қазынасы Жәкеңнің.
Сыншы да боп, ғалым боп,
Жәкеңе даңқ әкелдің!
Айналайын Шекенжан,
Жәкең отыр тарана.
Сендей сірә күйеуді,
Бұл әлемнен табам ба!
Еңбегіңнің жемісі,
Мәскеудегі көрмеде.
Тынбай қылған шаруаң,
Абырой болды елге де.
Бүкіл қауым мақтады,
Сен шығарған өнімді.
Іліктік жақсы атқа бір,
Биіктен халқың көрінді.
Айналайын Шекенжан,
Өсе берсін мәртебең.
Бұдан артық сый болмас,
Тойыңа өзің әкелген.
Айналайын Шекенжан,
Шын берілген жұмысқа.
Тап осындай жігітті,
Мақтамауым дұрыс па!
Ақындығың және бар,
Ауық-ауық соғатын.
Ұйқастары әрқалай,
Шабытың бар қозатын.
Ондай кезде табасың,
Небір жаңа сөздерді.
Сенің жазған жырыңмен,
Поэзия өзгерді.
Айналайын Шекенжан,
Қадамыңа нұр бітсін.
Тап осылай сілтей бер,
Халқың сенен жыр күтсін.
Айналайын Шекенжан,
Атың шықсын ғаламға.
Сендей, сірә, ақынды,
Бұл әлемнен табам ба!
Сен отырсаң ортада,
Кештеріміз көңілді.
Достық қымбат адаммен,
Тап осындай өмірлі.
Көңілденсең шынымен,
Шалқып, тасып кетесің.
Өнерді де көрсетіп,
Дән риза етесің.
Жігіт болдың бірегей,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
Соны біліп Жәкең де,
Ту баста саған ұмтылды.
Айналайын Шекенжан,
Нақ сүйері Жаңылдың.
Көктен іздеп жүргенде,
Жәкеңе жерден табылдың!
Мақтап кетсем көбірек,
Той желігі емес-ті.
Шалқып тұрған бұл Кәкең,
Орыншамен кеңесті.
Азаматқа ақжарқын,
Достарына қадірлі.
Шын жүректен арнап сөз,
Айтар ақын дарынды.
Айналайын Шекенжан,
Ортасына сүйкімді.
Көк ішек болды бұл қауым,
Күте-күте бұл күнді.
Құттықтайық алдымен,
Ашық қолды Жаңылды.
Аянба, Жәке, бұл күннен,
Төккін, кәне, барыңды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шерияздан Елеукеновке өлеңінің авторы кім?

Кәкімжан Қазыбаев — осы өлеңнің авторы.

Шерияздан Елеукеновке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шерияздан Елеукеновке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімжан Қазыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шерияздан Елеукеновке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері