Данасың дәулетіңе масықпасаң

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2035
Данасың, дәулетіңе масықпасаң,
Жарымсың жар, досыңнан қашықтасаң.
"Сары алтын — сабыр түбі" сақтап таза,
Жетерсің мақсұдыңа асықпасаң.
Тұрады туысың анық тілегінде,
Басынды бұзықтықтан ашықтасаң.
Қасында астананың аш болмайсың,
Алмай-ақ ожау, шөміш қасықтасаң.
Басыңнан бақытың ұшып, бағаң кемір,
Өзіңді өзің бұзып, пасықтасаң.
Болады ауазана әркім ашық,
Жазып ап, жақсы сөзді машықтасаң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Данасың дәулетіңе масықпасаң өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Данасың дәулетіңе масықпасаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Данасың дәулетіңе масықпасаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Данасың дәулетіңе масықпасаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері