Тұрмағамбет пен Әбдікәрім

Бұл бетте «Тұрмағамбет пен Әбдікәрім» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1519
Әбдікәрім Оңалбаевтың Қосым, Түспембет дейтін кісілердің ауылында бала оқытып жүргенде сол ауылға қыдырып барған Тұрмағамбет Ізтілеуұлына жазған өлеңі:

Әбдікәрім:
Алашқа атың шыққан ақын едің,
Шәрбатын әр ғылымның татып едің.
Жар-жолдас жасыңызда және де ертпей,
Бәйгіге бағасы мол батып едің.
Тәліптер тағлым оқып алатұғын,
Көне сөз көп жазылған кәтіп едің.
Беріңіз бізге жазып бір насихат,
Ей, ерім, сахауатты сахип едің.
Тұрмағамбет:
Білгірдің байтаққа бас баласысың,
Өзің де қатарыңның данасысың.
Әр түрлі түркі де бар дүкенінде,
Көтерме қалай бізден аласысың?
Үйреткен өнегені Кіші жүзге,
Және де Қосымханға қарашысың.
Базарын балалықтың араласаң,
Қойнына қыз-келіншек барашысың.
Бұл ісің жұртқа жайылып кеткенменен:
"Ақиқат, аманмын" деп танашысың.
Әбдікәрім:
Ол рас, болды атамыз байтаққа бас,
Халыққа аты мағлұм, сөздері — паш.
Дұшпандар жүзі шыдап тұрмайды екен,
Бейне бір әпсанасы атқандай тас.
О, тарих, ондай ерден арманда боп,
Қалыппыз үлгі ала ал май қалайда жас.
Даналық бізге қайда, данышпаным?
Келемеж бұл сөзіңіз, кәмбіл сарас.
"Хан Қосым қарашысы" депсіз және,
Қай уақыт халық биледі ол жайып палас!
"Әл ғайбат әш-әлду міна — зіна" деген,
Шығуға бұл сөзіңіз, емес жалас.
Тұрмағамбет:
Жігіттік әркімнің де алады еркін,
Сонан соң қыз-қырқынға тиер елкің.
Сопысып, сонша неге шегінесің?
Көңіліңнің байқадық қой, босаң, беркін.
Онан да сүйгеніңмен ойнап-күліп,
"Айқай!" деп, төбе үстіне барып желпін!

1925


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрмағамбет пен Әбдікәрім өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Тұрмағамбет пен Әбдікәрім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрмағамбет пен Әбдікәрім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрмағамбет пен Әбдікәрім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері