Қос балапан, бір күшік – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қос балапан, бір күшік» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4341
— Әрі момын, әрі үркек
Балапандар сары үрпек,
Менен босқа саспаңдар,
Қорықпаңдар,
Қашпаңдар!
Иттікті мен сүймеймін,
Әлсіздерге тимеймін!
Келіңіздер, ойналық,
Жаз қызығын тойлалық!
Аф! Аф!— деді Саққұлақ,
Келеді өзі шапқылап.
— Сенсек те біз сөзіңе,
Сене алмаймыз өзіңе!
Сенде айла да, күш те бар,
Тырнақ та бар, тіс те бар.
Төрт аяғың тағы бар,
Маңдайыңның бағы бар!—
Деп екеуі қашады,
Ауыздарын ашады.—
Көп тиіспе сен бізге,
Біздер саған теңбіз бе?!
Өзің мықты күшік пе ең,
Ойна одан да Мысықпен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері