Бұл бетте «Боран» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
26.04.2019
0
0
11138
Қыр жаққа көз салдың ба,
Қар боп аққан ағыс бар.
Қаһарлы жел алдында
Зар қағады қамыстар.
Бірде боран тынады,
Бірде қайта жыны ұстап,
Үсті-үстіне ұрады
Құм мен қарды жаныштап.
Теп-тегіс қып сайыңды,
Төбе қырдан асады.
Үйеңкі мен қайыңды
Желкесінен басады.
Қарашы, жел қамшылап,
Қырдың өңі қашуын!..
Боран қатты қалшылдап,
Баса алмай тұр ашуын!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі