Бұл бетте «Аяз» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
26.04.2019
0
0
7747
Көз байланды, түсті іңір,
Жүргізді аяз қожалық.
Шиқылдайды
Қыстың бір
Дөңгелегі қажалып.
Зіл боп басып иықтан,
Кеш қабағын тұр түйіп.
Көк темірдің
Суықтан
Кеткен жүні үрпиіп.
Боз мұнарға ораулы,
Сәулесі әлі жоқ айдың.
Терезелер қыраулы —
Негативі тоғайдың.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі