Бейбіт күн бейнесі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7808
Жылдағыдан жер биыл ерте көктеп,
Жасыл бақты жасыл жел еркелетпек.
Көк инесін көк жіппен сабақтайды
Көлеңкеде кәрі ана көрпе көктеп.
Төсегінде жатқандай арман өсіп,
Тербетеді сәбиді арба-бесік.
Көк аспанға қарайды көп балапан
Көктен келер бір пәле бар ма десіп.
Бала мысық —
Алдайсың оны немен?
Ойнайды ол да бөбектің добыменен..
Тауықтарға шашылған жем үстіне
Торғайлар кеп қонады тобыменен.
Айтам деген аузынан сөзі қашып,
Бозбала тұр өзі аңқау, өзі ғашық,
Қақпа алдында
Қонаққа еті үйренген
Қара төбет қарайды көзін ашып.
Бейбіт күннің бұл да бір жыры ма еді,
Борықтай ақ бойжеткен кір іледі.
Ілген сайын
Ойнаған қума желмен
Жібек көйлек ақырын түріледі.
Желмен ұйтқып сол қыздың сәнді етегі..
Бозбаланың қиялын дәмді етеді.
Аз қалдым деп қайнауға,
Алау жұтып,
Ақ самаурын аулада әндетеді.
Сырығындай желкеннің кемедегі
Сыр аулайды антенна төбедегі.
Селк етеді диктордың дауысынан
Ұлы Отан Соғысының мүгедегі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейбіт күн бейнесі өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бейбіт күн бейнесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бейбіт күн бейнесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейбіт күн бейнесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері