Желпінетін – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Желпінетін» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2113
Желпінетін,
Серпілетін ой бар ма?!
Желікпелер табылады ойнарға
Төрт құбылам тегіс жандай
Мен өзім
Көп күлемін,
Көп күлемін тойларда.
Пенделерді,
Ойлайтын тек құлқынын,
Отырғызып кетер әлі түлкі-күн.
Дәм татам мен сервизінен көңілдің,
Хрусталін сыңғырлатып күлкінің.
Қарсы болар дәмді піскен асқа кім!
Бал шараптың ғұмыры, рас, қас қағым.
Сәтті шыққан қалжыңыма қуанып,
Мәз боламын әзіліне басқаның.
Балдыздарын еркелеткен жездеше,
Бұндай кезде жігіттер де өзгеше.
Коньякты жылқы майы сияқты
Текке ішпеймін,
Тек әдемі сөзге ішем!
Сері көңіл қыздарың мен ұлдарың
Саған өкпе айта ала ма, жылдарым?
Сезеді ғой бірақ ойлы адамдар
Күлкінің де ар жағында мұң барын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желпінетін өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Желпінетін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желпінетін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Желпінетін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері