Өлең, жыр, ақындар

Сынасаңдар сынаңыздар, сөкпеңдер

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3817
Сынасаңдар сынаңыздар, сөкпеңдер,
Сезеді ішім — асығыстық көп менде.
Қайтем енді!
Зілдей болып басты мұң.
Барады өтіп, барады өтіп жастығым!
Бармын кейде бөрі болып ұлуға:
Барады өтіп сұлулық та, сұлу да!
Қызығына тоя алмадым жалғанның,
Қашан тоям!
Есептеулі қалған күн!
Адам уақыт тізгінінен ұстар ма?!
Оралды, әне, құстар екеш құстар да.
Аяқталмай жатқанда көп жұмыстар,
Келмедің деп өкпелейді туыстар.
Оқырманның алдындағы жыр бітіп,
Ақша қардай аппақ парақ тұр күтіп.
Көптен бері, көптен бері сарылып,
Күтіп отыр қыр астында кәрілік.
Барады өтіп, барады етіп бәрі де,
Көмектеспес ішірткің де, дәрі де!
Көңіл жүйрік болғанменен, ой баяу!
Қалай ғана асықпайсың, ойбай-ау!
Ақылды ұрпақ жөнсіз сөге көрмеңдер,
Алып ұшқан асығыстық бар менде.
Рас, рас, асығыстық бар менде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүрбелең

  • 0
  • 0

Алау тілі әлсін-әлсін ұзарып,
Ашуланды оттың көзі қызарып.
Уақытымды,
Тынышымды,

Толық

Қояным

  • 0
  • 1

Бір қоян асырап келемін,
Оған мен көп уақыт бөлемін.
Өзі бір сүйкімді,
Бар менің

Толық

Күз

  • 0
  • 0

Салқын сыз, дымқыл тұман соңында
Жылауық бұлттары бар қанат керген.
Күз келді мезгілінде арқа танып,
Күн бар ма байлығын ол тегін берген?

Толық

Қарап көріңіз